1 қаңтардан бастап, ҚР Ұлттық банкін қайта құру басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР Ұлттық банкі қайта құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ұлттық банктен жаңа дербес құрылым - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлінеді.

Ұлттық банк секілді бұл агенттік те ҚР Президенті құзырында болады.

Сонымен бірге, Ұлттық банктің бас кеңсесі 2020 жылы елордаға көшеді, ал агенттік Алматыда қалады. Оған Ұлттық банк штатынан 500 адам ауысады.

Айта кетейік, 2019 жылдың 18 желтоқсанында Президент Жарлығымен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.





Соңғы жаңалықтар