1 қаңтардан бастап Қазақстанда электрондық виза енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер бір реттік визаны электрондық форматта ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады.

Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін - 23 елдің азаматтарына беріледі (елдер тізімі қоса беріледі).

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды.

Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.

Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, ұзартулар, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс; 

2) кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын келіп кетушілер туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды (аталған қызмет онлайн режимде Визалық және көші-қон порталында қолжетімді).

 

Электрондық визаны рәсімдеу алгоритмі

- электрондық визаны алу үшін Визалық және көші-қон порталында тіркелу (www.vmp.kz);

- тіркелуден кейін электрондық визаны алу талаптарымен танысу;

- шақыру нөмірін енгізу (Қазақстан Республикасындағы шақырушы тараппен жіберіледі) және визалық сауалнаманы толтыру;

- консулдық алымды төлеу;

- электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптасады және сауалнаманы толтырған кезде берілген электрондық поштаға жіберіледі);

- Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде басып шығарған электрондық визаны ұсыну қажет.

 

Қазақстанға кіру үшін бір реттік туристік электрондық визаны ала алатын елдердің тізімі

Алжир

Ангола

Андорра

Антигуа и Барбуда

Аруба

Багам аралдары

Бангладеш

Барбадос

Бахрейн

Белиз

Бенин

Боливия

Ботсвана

Бруней-Даруссалам

Буркина Фасо - Жоғарғы Вольта

Бурунди

Бутан

Вануату

Ватикан

Венесуэла

Вьетнам

Габон

Гайана

Гаити

Гамбия

Гана

Гватемала

Гвинея

Гвинея-Бисау

Гондурас

Гренада

Джибути

Доминика

Доминикан республикасы

Замбия

Зимбабве

Үндістан

Индонезия

Камбоджа

Камерун

Катар

Кения

Кирибати

КХДР

ҚХР

Колумбия

Комор аралдары

Конго республикасы

Коста-Рика

Кот-Д Ивуар

Куба

Кувейт

Лаос

Лесото

Либерия

Ливан

Лихтенштейн

Маврикий

Мавритания

Мадагаскар

Макао (Аомынь)

Македония

Малави

Мали

Мальдив республикасы

Марокко

Маршал аралдары

Микронезия

Мозамбик

Мъянма (Бирма)

Намибия

Науру

Непал

Нигер

Нигерия

Никарагуа

Оман

Палау

Панама

Папуа-Новая Гвинея

Парагвай

Перу

Руанда

Сальвадор

Самоа

Сан-Марино

Сан-Томе и Принсипи

Сауд Арабиясы

Свазиленд

Сейшел аралдары

Сенегал

Сент-Винсент и Гренадины

Сент-Китс и Невис

Сент-Люсия

Суринам

Сьерра-Леоне

Таиланд

Танзания

Того

Тонга

Тринидад и Тобаго

Тувалу

Тунис

Түрікменстан

Уганда

Уругвай

Фарер аралдары

Фиджи

Филиппины

Орталық Африка республикасы

Чад

Черногория (Монтенегро)

Шри-Ланка

Эритрея

Эфиопия

ОАР

Ямайка

Қазақстанға кіру үшін іскерлік және емделу үшін бір реттік электрондық визаны ала алатын елдердің тізімі

Багам аралдары

Бермуд аралдары

Бурунди

Гондурас

Гренландия

Индонезия

Катар

Кувейт

Лаос

 Макао

 Марокко

 Ватикан

Вирджин аралдары

 Вьетнам

 Гаити

 Камбоджа

 Куба

 Македония

 Никарагуа

 Оман

 Сербия

 ОАР

 Черногория

Соңғы жаңалықтар