Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

1 қаңтардан бастап Алматы облысында коммуналдық тарифтер төмендейді

2018 жылғы 28 желтоқсан 17:48 803
Бөлісіңіз:
1 қаңтардан бастап Алматы облысында коммуналдық тарифтер төмендейді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысында бірқатар коммуналдық қызметтердің бағасы төмендейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде табиғи монополияларды реттеу департаменті мен облыстық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы тапсырмасы: Қостанайда коммуналдық қызмет құны төмендеді Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады

Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында кейбір коммуналдық қызмет тарифтері төмендейді деп күтілуде. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар жан басына шаққандағы қоқыс шығаруды 154 теңгеден 135 теңгеге арзандатпақ. Сонымен қатар, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ПИК қызметінің құнын  23,5 теңгеден 20 теңге 90 тиынға түсіру жоспарланған. Ал лифтілерге қызмет көрсету құны 15,3 теңгеден 13,5 теңгеге төмендемек. Алматы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан табиғи газды үйге кіргізу қызметінің құнын арзандату жұмыстары қолға алынды.

Газ тарататын кәсіпорындармен 8 меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек, Қаражыра және Шұбаркөл көмір кендерінде қатты отын бағасы төмендеді. Мәселен, Қаражыра кенішінде көмір бағасы 13500 теңгеден 12700 теңгеге арзандаса, Шұбаркөлдің көмірі 13400 теңгеден 11700 теңгеге төмендеді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT