1 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аяз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әліде Солтүстік антициклонның жотасы ықпалын тигізеді, ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз күтіледі. Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығысы және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шығысында бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерде қатты аяз күтіледі.


Соңғы жаңалықтар