1 ақпаннан бастап Беларусь ресейлік мұнайдың транзитінің тарифтерін 9,7 пайызға өсіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап Беларусь өзінің аумағы арқылы магистральдық құбырлармен өтетін ресейлік мұнай транзитінің тарифтерін өсіреді, деп хабарлайды Росбалт.

БР Экономика министрлігінің сәйкес қаулысы Ұлттық құқықтық ғаламтор-порталында жарияланған.

Құжат бойынша 1 ақпаннан бастап мұнайды "Гомельтранснефть Дружба" ААҚ және "Полоцктранснефть Дружба" ААҚ-ның басқаруындағы магистральдық мұнай құбырлары арқылы "Унеча (Высокое) - Адамова Застава" бағытымен тасымалдау тарифтері бір тонна үшін 234,85 ресейлік рубльді, Унеча (Высокое) - Броды" бағытымен тасымалдау - бір тонна үшін 100,88 рубльді, "Невель (Великие Луки) - Полоцк - Высокое" бағытымен тасымалдау - бір тонна үшін 29,27 рубльді құрайды (мұнайды әрі қарай - Германия, Чехия, Словакия, Польша, Венгрия, Украина бағыттарымен ауыстыру үшін қабылдау және тасымалдау тарифі).

Барлық тарифтер қосылған құн салығынсыз көрсетілген.

Бұған дейін Беларусь 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап ресейлік мұнайды таранзиттеу және тасымалдау тарифтерін 8,3-8,9 пайызға өсірген. 2013 жылы тарифтер 9,7 пайызға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар