1 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XXI құрылтайы өтеді.

11.00-де Қазмедиа орталығында БАҚ өкілдерінде арналған www.pytkamnet.kz» онлайн платформасының таныстырылымы өтеді.

11.00-де Өнеркәсіпті дамыту қорының Facebook-тегі ресми парақшасында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға арналған пилоттық платформаны іске қосу жөніндегі баспасөз мәслихаты өтеді (https://www.facebook.com/idfrk.kz)

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық отбасылар-2022» Ұлттық баяндамасының таныстырылымы» өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Матжани Нұрбек Сейілханұлы; Қазақстандық қоғамдық даму институты Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Батталова Жұлдыз Серікқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Алқа отырысында 2022 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға арналған жоспарлар талқыланады.

15.00-де әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет белгісі» ордені, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісі, А.Байтұрсынов атындағы медалінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ақын, сазгер, күйші, дирижер Оспан Сүлейменұлының 75 жас мерейтойы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Рухани шыңына жету жолында: Жапония өнері» атты көрме ашылады. Экспозицияда Pepelsneg Parlour әсем бұйымдар галереясы және Kazakhstan Japan Trading компаниясы Жапонияның әсем бұйымдарын ұсынады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қызыл алма» лирикалық комедиясы көрсетіледі.

19.00-де Жастар театрында «Диляфруздың төрт күйеуі» комедиясы көрсетіледі.

19.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Очень простая история» қойылымы көрсетіледі.


Фото: www.istockphoto.com

Соңғы жаңалықтар