+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

1,7 млрд теңгені жымқыру фактісі – елордадағы әуежайдың бас бухгалтері тергелуде

2020 жылғы 23 қаңтар 17:19
Бөлісіңіз:
1,7 млрд теңгені жымқыру фактісі – елордадағы әуежайдың бас бухгалтері тергелуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының бас бухгалтері мен әуежайдың тағы бірнеше қызметкері 1,7 млрд теңге сомасындағы қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да пара алған шенеунікке сот үкімі шықты Ақмолада бюджет қаражатын жымқырған аудандық мәдениет үйінің директоры сотталды ҚР ІІМ оқу орталығының бөлім басшысы сотталды

«Жүздеген миллион теңгені жымқыру фактілері бойынша бірқатар қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мысалы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның бас бухгалтері, қызметкерлері мен бірқатар кәсіпкерлерге қатысты іс қаралуда. Тергеу нұсқасына сай, олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларына қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізбеу мақсатында 16 млн теңге сомасында пара беру және АҚ-ның 1,7 млрд теңге сомасындағы қаражатты жымқыру фактілері бойынша тергелуде», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT