1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

None
Фото: EPA-EFE/ TURKISH PRESIDENTIAL OFFICE
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркия президенті және Халық альянсынан президенттікке кандидат Режеп Тайип Ердоған жексенбі күні Ыстанбұлда сайлауалды митинг өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша оған 1,7 миллионнан астам адам қатысты.

Түркияда өткізілген кейінгі сауалнамаларға сәйкес, Ердоған 14 мамырда өтетін президенттік сайлауда оппозиция көшбасшысы Кемаль Кылычдароглудан кейін тұр.

Сондай-ақ Р.Ердоған сенбі күні Кайсери тұрғындарының алдында сөз сөйледі. Анадолы агенттігінің жазуынша, ел басшысы Түркия соңғы 20 жылда республика аяққа тұра бастаған кейінгі 80 жылмен салыстырғанда анағұрлым жетістікке жеткенін атап өтті.

«Мұның бәрі – биліктің ғана емес, Түркияның бүтін 82 млн халқының жетістігі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар