1,5 жастағы алматылық бүлдіршін Жаңа жылдық марафонға қатысты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Жаңа жылдық «Денсаулық-2016» марафонына қатысты.

Жарыс Орталық стадионда басталды. Жүзге тарта жүйрік 1200 метр қашықтықты бағындырды.

Олардың ішінде еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін болды. Ең жас қатысушы 1,6 жастағы Ислам Тоқтақынов пен 81 жастағы Виктор Кротов арнайы сыйлыққа ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге де арнайы грамота мен сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар