1,2 млн теңгені құрайтын жалған банкноттар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайтын 381 жалған банкнот анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмеді» - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев


Банк өкілі атап өткендей, жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 % - ға төмендеді (өткен жылғы көрсеткіш - 718 банкнот және 6 монета).
Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды - 243 жалған банкноты (63,78%). Бұл ретте, көбінесе Қазақстанда 2020 жылы номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.
Айта кетсек, Қазақстанда жалған банкноттары шығару және сатумен айналысқандар 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталады.


Соңғы жаңалықтар