1,2 млн доллардың алтын бұйымымен Астанада ұсталған ер адамға үкім шықты

2022 жылғы 9 желтоқсан, 13:33
1,2 млн доллардың алтын бұйымымен Астанада ұсталған ер адамға үкім шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – 1,2 млн АҚШ долларының алтын бұйымын Астанадан Ыстанбұлға әкетпек болған Нұржан Сураповқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті экономикалық контрабанда фактісі яғни, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы аса ірі мөлшерде тауарларды өткізу бойынша Нұржан Сураповқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Алтын бұйымдарды «Ыстанбұл – Астана» авиарейсімен тасымалдамақ болған оны Астана халықаралық әуежайында ұстаған болатын.

«Мамандардың қорытындысы бойынша декларацияланбаған «зергерлік бұйымдар мен сағаттардың» жалпы кедендік құны 565 млн теңгені немесе 1 млн 200 мың АҚШ долларына жуық соманы құрайды.

Сот шешімімен Нұржан Сураповқа 1,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, 565 млн теңге сомасына жалпы салмағы 28 кг болатын 7 мыңнан астам зергерлік бұйым мемлекет кірісіне тәркіленді», - делінген ведомство мәліметінде.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar