1-2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль пунктері жабық болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы 1 және 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өткізу пунктері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1, 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушыларды және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар