Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Міндетті медициналық сақтандыру мерзімі тағы өзгереді

2018 жылғы 16 сәуір 19:31 1467
Бөлісіңіз:
Міндетті медициналық сақтандыру мерзімі тағы өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару енгізіледі. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заңгерлік қызмет департаментінің директоры Талғат Тұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай тұрғындарының 73 пайызы электронды денсаулық төлқұжатына ие Түркістан облысында жаңадан 8 медициналық нысан салынады - Елжан Біртанов

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасын қоғамдық талқылау барысында ол аталған құжаттың негізгі бағыты медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болатындығын айтты. Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, заң жобасында интеграцияланған академиялық медициналық орталықтар мен университеттік клиникаларды құру тетігі арқылы ғылым, тәжірибе және білім берудің үш еселілігін қамтамасыз ету қарастырылған. Ғылыми-педагогикалық кадрлар мен білім беру және ғылымдағы медициналық ұйымдардағы оқушылардың құзыреттерін бағалауды, медициналық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық серіктестік институтын енгізу көзделген.

Жиын барысында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова ел тұрғындары медициналық қызмет сапасына жиі шағымданатындығын айтты.

«Медициналық қызметтер сапасы кадрлардың құзыретіне байланысты. Сондықтан, өткен жылы медициналық жоғары оқу орындарының барлық мұғалімдерін ілкі бағалау бір реттік бастама болды. Себебі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінде мұғалімдерді бағалау құзіреті жоқ. Ал мына заң жобасында ондай тармақ енгізіліп отыр», - деді ол.

Айта кетрлігі, мұнан бөлек аталған заң жобасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін 2020 жылдан 2019 жылдың 1-қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныстар енгізіледі деп ұйғарылған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат