Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Қазақстанда адам өлімімен аяқталған әуе апаттары: Тергеулер қалай жүргізілуде

2018 жылғы 16 сәуір 18:18 1518
Бөлісіңіз:
Қазақстанда адам өлімімен аяқталған әуе апаттары: Тергеулер қалай жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері ҚазАқпарат тілшісіне былтыр болған адам шығыны бар әуе апаттары бойынша тергеп-тексерулер қалай өтіп жатқанын айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау маңында байқалған құйынға ұқсайтын түтін желіде қызу талқыланып жатыр БҚО-да қойма отқа оранды

2017 жылғы 25 ақпанда Аягөз қаласынан 60 шақырым жерде, Қожа елді мекенінің маңында UP-LA246 нөмірлі «Стрекоза 7-Gazelle SA341» тікұшағы құлаған. Апат салдарынан ұшқыш қаза тауып, жолаушы жеңіл жарақат алған.

«Апатқа адам факторы себеп болған. Пилот жерге жақын биіктікте маневр жасамақ болғанда жерге соқтығысқан», - дейді ҚР ИДМ баспасөз қызметінің өкілдері.

2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданының Лесновка елді мекенінің маңында «Қазавиа» ЖШС-ке тиесілі UP-LA127 нөмірлі Як-12 ұшағы апатқа ұшырады. Борт командирі мен бір жолаушы қаза тапты. «Комиссия тергеу материалдарын тексеріп шықты. Қажетті зерттеулердің барлығы жүргізілді. Қазір комиссия тергеп-тексеру бойынша қорытынды есеп әзірлеп жатыр», - дейді ведомстводағылар.

2017 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының «Азем» аэродромында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқанда «Training center Part FCL» ЖШС-тің «Tecnam P-2002JF» ұшағы (тіркеу нөмірі - UP-LA231) құлаған. Апат салдарынан бортындағы ұшқыш-конструктор мен екі курсант опат болды.

«Комиссия алдын ала есеп дайындады. Қазіргі кезде тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп әзірленіп жатыр», - делінген хабарламада.

2017 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Балқаш ауданының Баймен елді мекенінде «ОЛЖА БАСТАУ» ЖШС-тің «MAULE M7-260C» ұшағы (тіркеу нөмірі - UP-ML003) құлады. Ұшақ бортында командир мен бір жолаушы болған. Апатқа ұшақ қозғалтқышындағы ақау себеп болған. Қозғалтқыш істен шыққан соң ұшқыш шұғыл қонуға үлгермей қалған.

2017 жылғы 3 қазанда Алматыдан Шымкентке санитарлық рейспен бара жатқан Ан-28 ұшағы (тіркеу нөмірі - UP-А2807, «East Wing» АҚ-қа тиесілі) жан түршігерлік апатқа ұшырады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 18:35-те әуеге көтерілген, он минуттан кейін локаторлардан ұшақтың сигналы жоғалған. Борт та байланысқа шықпаған. Ұшақта: экипаждың үш мүшесі, екі жолаушы (дәрігерлер) - жалпы бес адам болған. «Ұшақ Алматы облысының Іле ауданында, Междуречинск ауылының маңына құлап, жанып кетті. Апат салдарынан ұшақтағы бесеу адамның бәрі қаза тапты. Қазіргі кезде комиссия оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр», - дейді ведомство қызметкерлері.

Бұрын салалық отырыс кезінде ҚР ИДМ әуе апаттары мен оқиғаларын тергеп-тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов 2017 жылы болған бес апаттың үшеуінің тергеу қорытындылары туралы ақпаратты бөліскен болатын.

Сондай-ақ, ол әуе апаттары бойынша тергеп-тексерулердің қорытындылары туралы қысқаша есеп Азаматтық авиация комитетінің сайтында жарияланып отыратынын айтты.  

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат