Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 25 °С
Алматы: 29 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Қазақстанда нөсер жауын жауып, ауа райы құбылмалы болады

2017 жылғы 22 сәуір 01:15 1993
Бөлісіңіз:
Қазақстанда нөсер жауын жауып, ауа райы құбылмалы болады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты барлық аймақтарда ауа райы құбылмалы болып, жауын жауып, оңтүстік шығыстағы бірқатар аймақтарда күшті жауын болады.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің екпіні 23 метрге дейін барады, жекелеген аудандарда көктайғақ болады деп күтілуде.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-22 метр/секундқа дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді деп күтілуде.

 

 


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат