Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 31 °С
Алматы: 30 °С
USD 341.08 EUR 394.46
RUB 5.37 CNY 52.71
Жаңалықтар

Президент Астана әкіміне қала құрылысы бойынша ұсыныс енгізуді жүктеді

2017 жылғы 21 сәуір 14:09 1323
Бөлісіңіз:
Президент Астана әкіміне қала құрылысы бойынша ұсыныс енгізуді жүктеді

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкіміне елордада жинақы құрылыс жүргізудің ұсынысын енгізуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, қаланың орталық аудандарын ескі үйлерден босату керек. Егер де Парламентте арнайы заңнаманы қабылдау қажет болса, құжатты тездетіп енгізіңіздер. Өйткені бұл мәселелер елорданың, жалпы елдің мүддесін қамтиды. Ешкім де алып-сатарлықпен айналысып, бұл ескі үйлер есебінен табысқа кенелемін деп ойламауы тиіс. Бірінші кезекте инфрақұрылымы бар аумақтарды игеру керек. Сондықтан да жазықтағы алыс аудандарға қымбат инфрақұрылымды тарту қажет болмайды. Барлығы сыртқа қарай ұмтылады. Жаңа алаңдарда құрылыс жүргізуге тыйым салу керек. Алдымен қаланың ішін игеріңіздер, тек содан кейін ғана бұл тақырыпты қарастыратын боламыз», - деді Н. Назарбаев.

Осы орайда Президент жинақы әрі тығыз құрылыс жүргізу барлық қалаларға тән құбылыс екенін атап өтті. Бұл ретте ескі үйлер бұзылғаннан кейін, қаланың ішіндегі алаңдарды игеріп, содан соң жаңа бос алаңдарда құрылыс жүргізу мәселесін талқылауға болатынын жеткізді. Мемлекет басшысы баспана құрылысы жеке инфестициялар мен мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

«Астана әкіміне елордадағы құрылысты жинақы жүргізу бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын, себебі жыл сайын салып жатқан баспанамыз артып келеді. Сонымен бірге мемлекеттік қордан пәтер алуға кезекке тұрғандар саны да өсіп отыр. Қандай мемлекеттік қор? Біз нарықтық кезеңде өмір сүріп жатырмыз ғой», - деп атап өтті Назарбаев.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат