Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

М.Тайжан игерілмей жатқан жерлерді әлі шетте жүрген қандастарымызға сақтап қоюды ұсынды

2016 жылғы 9 шілде 14:31 1939
Бөлісіңіз:
М.Тайжан игерілмей жатқан жерлерді әлі шетте жүрген қандастарымызға сақтап қоюды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында экономист, қоғам қайраткері, комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан игерілмей жатқан жерлерді әлі Қазақстанға орала алмай жүрген қандастарымызға сақтап қою туралы ұсыныс айтты.

«Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауға әбден дайынбыз»,-деген ойын айтты М.Тайжан. Айта кетейік, бүгінгі отырыста шекарадағы жер мәселесі, жерді өз азаматтарымызға жалға беру мәселесі және жайылым мәселесі қаралды.

«Бірақ ары қарай біз демографияны ұмытпайық. Біздің солтүстікте адам аз. 10-15 жылдан кейін мүлдем азайып қалады. Сондықтан, жер мәселесін талқылаған кезде осыны ұмытпайық. кейбір әріптестеріміз біздің игермей отырған жерлеріміз көп деп жүр. Мынаны ұмытпайықшы. Шетелде 5 млн қазақ отыр. Бүгін бе, ертең бе сол қазақтар елге оралады. Осыны ұмытпайық. Игерілмей қалған жерлерді сол қандастарымыз үшін сақтап қояйық»,-деді М.Тайжан. 

 

 


Басты сөздер: Жер мәселесі, Қандастар,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат