Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Алматыда орта мектептің директоры алаяқтық әрекеті үшін сотталды

2016 жылғы 30 маусым 16:03 1423
Бөлісіңіз:
Алматыда орта мектептің директоры алаяқтық әрекеті үшін сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының № 2-ші Бостандық аудандық соты орта мектептің директорына қатысты қылмыстық істі қарады.

«Сот мынадай деректерді анықтады. Мектеп директоры қызметін атқарған Е. Д. қылмыстық жолмен пайда табу мақсатында алдау және өзінің қызметтік бабын асыра пайдалану арқылы ірі көлемде бөгденің мүлкін ұрлаған. Бұл үшін ол арнайы жоспар әзірлеген. Соған сәйкес, оқушылар мен мұғалімдер арасында мектептегі оқу бағдарламасын тез бітіруге және грантқа жоғары оқу орнына түсіруге көмектесе алатындығы жайлы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан», - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.       

Сот үкімімен Е. Д. ҚР ҚК 190-бабы 3-ші тармағының 1-ші бөлімінде қарастырылған қылмыстарды жасаған деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол енді жазасын жалпы режімдегі түзету колониясында өтейтін болады.    

 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат