Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Аналарға ақыл-кеңес: Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістері

2016 жылғы 19 мамыр 01:54 2230
Бөлісіңіз:
Аналарға ақыл-кеңес: Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүктілік кезінде әйелдердің психикасында көптеген өзгерістер орын алады. Әсіресе, ұмытшақ болып бара жатқаны туралы жиі шағымданып жатады. Бұл - қалыпты жағдай саналады. Бірақ, жүктілік кезінде күйзеліске жол бермеу керек, деп жазады massaget.kz.

Қорқыныш, уайым, өкпе-реніш пен күйзеліс жатырдағы кішкентай өмір иесіне көп күш салады. Сондай-ақ жүкті әйелдің психикасына да әсер етеді. Жақында ғалымдар жүктілік кезіндегі күйзелістің ұмытшақтыққа да ұшырататынын мәлімдеді. Қатты күйзеліс әйелдің жадына да кері әсерін тигізеді екен.

Күйзеліске ұшырамау үшін не істеу керек?

Біріншіден, мүмкіндігінше көбірек жақсылық туралы ойлау, босаңсуды үйрену;

Екіншіден, уайымдарыңыз бен сезімдеріңіз туралы жақын жандарыңызбен сөйлесу;

Үшіншіден, көңіл-күйіңізді бөгемей, ашық жеткізу;

Төртіншіден, бірқалыпты дене шынықтыруға да ерекше мән беру керек.

Бесіншіден, дұрыс тамақтаныңыз. Осыған байланысты ағзадағы биохимиялық процесстердің көбі психологиялық жағдайға әсер етеді.

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Ғылым,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат