Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Ақтөбеде парамедиктер қызметін дамыту жобасын жүзеге асыру басталады

2016 жылғы 27 ақпан 03:52 2595
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде парамедиктер қызметін дамыту жобасын жүзеге асыру басталады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Бердібек Сапарбваев американдық Сент-Луис қаласы университеттік клиникасының профессоры Жолдас Құлжановпен кездесті, ол сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық холдингінің жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының тәуелсіз директоры.

Кездесу барысында тараптар госпитальға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек қызметін және орта буындағы медицина қызметкерлерін даярлау жүйесін жетілдіру саласынлағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. Сонымен бірге, аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына профессормен бірге АҚШ-та ақтөбелік дәрігерлердің біліктілігін көтеру мәселесін қарастыруды тапсырды.  Әкімнің айтуынша, оқытуға үздік мамандарды жолдау қажет, өйткені олар оқытудан өткеннен кейін алған білімдерін шеберлік сабақтар өткізу арқылы тарата алады.

Кездесу Ақтөбеде Батыс Қазақстан өңірі мен Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық кластерді қалыптастыру ауқымында өтті. Ауқымды жобаға әртүрлі елдерден шетелдік инвесторлар мен медицина саласындағы жетекші мамандар тартылады.

Кездесуге қатысқан Жолдас Құлжановтың әріптесі Астана қаласындағы №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ерсін Жүнісов Қазақстанда жол-көлік оқиғалары қатысушыларының арасында өлім жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, егер жедел жәрдем мен қабылдау бөлімшелерінің дәрігерлері ауруханаға жатқызғанға дейінгі шұғыл көмекті уақытында көрсете білсе, бұл көрсеткіштер анағұрлым төмен болар еді.

«Медицинаның дамуы тікелей байланысты адамдардың көпшілігі қабылдау бөлімшелері мен жедел жәрдем дәрігерінің сауатты жұмысы қаншалықты маңызды екенін түсіне бермейді. Біз дәрігерлердің жаңа номенклатурасын енгізуді ұсынамыз. Пациенттерді ауруханаға жатқызғанға дейін қабылдау бөлімінің жалпы практика дәрігері  арнайы мамандарды күтпей-ақ қажетті барлық шұғыл көмекті: токсикологиялық, травматологиялық және басқа да қызметтерді көрсетуге міндетті. Бұл үшін дәрігерлерді оқыту және жұмысы жүйесінде көп нәрсені өзгеру қажет», деп атап өтті Жолдас Құлжанов.

Профекссордың айтуынша, бұл ұсыныс ҚР Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігіне де айтылған, онда бұл мәселе оң пікір туғызды. Парамедиктер қызметін дамыту жөніндегі жобаны  жүзеге асыруды бастайтын алғашқы аймақ Ақтөбе облысы болуы әбден мүмкін. Осыған орай өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тиісті ұсыныс айтты.

«ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінімен келісе отырып, біз Ақтөбеде ең алдымен Батыс Қазақстан аймақтарына қызмет көрсететін медициналық кластерді қалыптастырамыз. Күшті шұғыл медициналық көмек қызметінсіз жақсы медицина болуы мүмкін емес. Біз сіздің ұсынысыңызды толық қолдаймыз және өз тарапымыздан жан-жақты қолдауға әзіәрміз», - деп сендірді Жолдас Құлжановты облыс әкімі.

Алдымен Ақтөбеде жедел медициналық көмек ауруханасы базасында жаңа технологиялар енгізіледі. Болашақта жоба аймақтық әдістемелік орталыққа айналуы тиіс. Онда Қазақстанның бүкіл батыс өңірі үшін парамедик-мамандар даярланатын болады, деп хабарлады «Ақтөбе-Ақпарат» ақпараттық орталығы. 

Ақтөбеде парамедиктер қызметін дамыту жобасын жүзеге асыру басталады  

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат