Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 30 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Темекі қант диабетіне шалдықтырады

2016 жылғы 23 қаңтар 02:35 1204
Бөлісіңіз:
Темекі қант диабетіне шалдықтырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Темекі шегетіндердің дені семіріп кетуден қорқып, оны қоя алмайды. Алайда, темекі шегу қант диабеті мен жүрек-қан тамыры ауруларының тууына себеп болатын майдың жиналуына әкеледі. Мұны Глазго Университетінің ғалымдары анықтады. Осы ғылыми зерттеу жұмысы үшін мамандар 150 000 адамның ақпаратын қарастырып, 29 зерттеу жұмысын жүргізген.

Сарапшылар ғылыми жұмысқа қатысушы еріктінің қаншалықты жиі темекі шегетінін саралады. Сондай-ақ, олар қатысушылардың салмағы мен белдерінің өлшемін де зерттеді, деп жазды The Daily Mail.

Ғалымдар темекі шегетіндердің салмағы төмен, алайда белдерінің өлшемі темекіні пайдаланбайтындардікіне қарағанда үлкен болғанын анықтады.

«Темекі шегетіндерде май іште жиналады. Сондықтан, оларда қант диабеті пайда болу қаупі жоғары», деген тұжырым жасалды.

 


Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат