Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Алматыда жүйке жүйесі науқастары заманауи оңалту шараларын қабылдады

2015 жылғы 25 қараша 14:41 1339
Бөлісіңіз:
Алматыда жүйке жүйесі науқастары заманауи оңалту шараларын қабылдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №1 қалалық ауруханада орталық жүйке жүйесі ауруына шалдыққан науқастарға арналған «Нейрореабилитация. Неврологиядағы заманауи оңалту тәсілдері» шеберлік класы өтті.

Шара барысында науқастар ReoGo заманауи медициналық техникалар  және ReoAmbulator (Motorika, Израиль) роботтандырылған кешені, Gloreha (Италия) тренажері, MediTouch (Израиль) жүйесінің HaTutATutLTutDTut тренажерлерінде оңалту шараларынан өтті.

Сондай-ақ, келушілерге «Экзарта» кинезотерапиялық құрылғысының мүмкіндіктері таныстырылды.

№1 аурухананың бас дәрігері, профессор Дамир Дәулетбаев мұндай шараларды өткізу отандық медицинаға әлемнің озық тәжірибелерін енгізуге септігін тигізеді деп санайды.

«2006 жылы біздің ауруханада Қазақстанда тұңғыш рет нейрореабилитация бөлімшесі ашылды.  Басында бөлімшеде 215 төсек болса, қазір 30 адам қабылдай аламыз. Бас ми ісіктері, миға қан құйылу, жұлын опперациясынан кейін мультидисциплинарлық көмек көрсетіледі. Бірнеше дәрігер емдейді. Сал боп жатқандарды тұрғызу үшін үшін массаж, ЛФК инструкторы,  логопед, ревматолог, невропатолог, психолог керек. Бір адам орнынан тұру үшін бірнеше дәрігер жабылады. Бүгін мастер класқа арнайы дәрігер шақырып отырмыз. Ресейлік мамандар тәжірибесімен бөлісіп жатыр. Бізде С.Асфендиаров атындағы Медициналық университетте дипломнан кейінгі білім беру кафедрасы ашылған. Солармен бірге ғылыми жұмыстар жасап жатырмыз. Соның ішінде фонофорез деп аталады. Адамның сары суын алып, тромбоциттерін центрифугадан өткізіп қайта егеді. Бұл науқастың тез оңалуына көмектеседі. Бостонда, Германия журналына шығардық. Батыс  Еуропа ғалымдары қазір біздің жобамызға қызығушылық білдіріп жатыр», - деді Дамир Дәулетбаев.

Айта кету керек, келушілерге В. Д. Середавин атындағы Самара облыстық ауруханасының маманы Багрова Жанна, РФ Президенті істерін басқару кеңестік диагностикалық орталығының дәрігері Коноваленко Кирилл дәріс оқыды. Шеберлік сағатына Қазақстанның әр түкпірінен ревматолог, невропатолог, травматолог-ортопед, реабилитолог мамандар қатысты.

 

 


Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат