Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Дәрігерлер пациентті қараудың орнына қағазбастылықтан арыла алмай келеді - Қ.Тоқаев

2015 жылғы 20 қараша 12:33 1125
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер пациентті қараудың орнына қағазбастылықтан арыла алмай келеді - Қ.Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер пациентті қараудың орнына қағазбастылықтан арыла алмай келеді. Бүгін Парламент Сенатында өтіп жатқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

«Денсаулық сақтау саласындағы қалыптасқан ахуалға басымдықтардың ұдайы өзгерістерге ұшырауы әсер етіп келеді. Қаптаған бағдарламалық құжаттар, стратегиялар, нормалар мен ұсыныстарды толтырудан дәрігердің қолы босамайды. Денсаулық сақтау саласы бюрократтанып кетті. Азаматтар дәрігерлердің өздерін қараудан бұрын қағаздарды рәсімдеп, формулярларды толтырумен айналысуға мәжбүр екенін айтып, таң қалады, осыған шағымданады. Ал дамыған елдерде орнықты модельдер бекітіледі, сосын бағдарламалар мен стратегияларды өзгертуге ешкім құлықты болмайды», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Бұл ретте Қ.Тоқаев Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін бір ғана оңтайлы модельге тоқталатындай уақыт жеткенін айтып, соны табанды түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

«Бізде осы жылдары денсаулық сақтау министрлері аз ауысқан жоқ. Келген әр министр өзінің бағдарламасын ұсынып, Парламент депутаттарын соған сендіріп, әркім өзінің үлгісі оңтайлы екенін, сынақтан сүрінбей өткенін айтумен болды. Алайда олардың барлығының аяғы қалай болғаны да бәрімізге белгілі», - деді Сенат Төрағасы.

Бұдан бөлек, спикер депутаттарға азаматтар тарапынан дәрі-дәрмек бұйымдарына, оның сапасына қатысты көптеген шағымдар түсетінін де алға тартты.

«Дәріханалар контрафактілі өнімдерге толып тұрғаны да жасырын емес. Мұнда мемлекеттің реттеуші рөлі болмай отырғаны да анық», - деді Қ.Тоқаев.

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат