Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Қызылорда дәрігерлері енді шала туған нәрестелерді ескі салт - «тымаққа салу» амалы бойынша бақпақ

2015 жылғы 19 қараша 00:01 1801
Бөлісіңіз:
Қызылорда дәрігерлері енді шала туған нәрестелерді ескі салт - «тымаққа салу» амалы бойынша бақпақ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық Ана мен бала орталығының мәліметіне сүйенсек, аймақта өткен жылы дүниеге келген 350 нәрестенің 37-сі шала туылған. Биыл 9 айда 510 бала мерзімінен бұрын туылған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңа туған 35 шақалақтың салмағы 1 келіге де жетпейді. Бұрын егде жасқа келіп босанған әйелдердің баласы әлсіз болса, бүгінде иммунитеттің төмендігі жас аналарда да байқалады.

- Көптеген адамда мерзімінен бұрын дүниеге келген балалардың ары қарайғы тағдыры мен мүгедектікке байланысты сұрақтар туындайды. Жөргекте жетілуге тиісті бөпенің бабын табу оңай шаруа емес. Аса ұқыпты күтім, жоғары технологиялық құралдарды қолдана отырып сапалы емдеу қажет. Ұзақ бақылау тағы керек,-дейді облыстық ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары Манат Бодықова.

Ата-әжелеріміз бұл проблеманың түйінін өткен ғасырларда-ақ шешкен. Он құрсақ көтеріп, оларды өсіріп-жетілдірген батыр ана Ұлжан әжей шала туылған немересін «тымаққа салып» өсіріпті. Қазір ол салт біршама өзгерген. Жаңаланған нұсқаның авторлары - «28 ілмек» клубы. Қайырымдылық ұйымы шала туылған нәрестелерге қажетті тоқыма бұйымдарын әзірлейді.

Әлжуаз баланы баптауда ата-бабалар амал-әрекетін қазіргі медицина да мойындады. Тоқыма киімдердің шала туған балалардың өсіп-жетілуіне пайдасы орасан екенін ақ халаттылар медициналық тұрғыда дәлелденгенін айтады. Қазіргі таңда облыстық перинаталды орталық «28 ілмек» клубымен тығыз байланыста.

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат