Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Астанада балалар аутизмін анықтау үшін әлемнің ең озық диагностикалық әдісі қолданылмақ

2015 жылғы 30 қазан 17:49 2207
Бөлісіңіз:
Астанада балалар аутизмін анықтау үшін әлемнің ең озық диагностикалық әдісі қолданылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада "Асыл Мирас" қорының қолдауымен балалар арасында аутизмді анықтау барысында әлемде өз тиімділігін дәлелдеген "ADOS" диагностикалық әдісі қолданылмақ.

Америкалық маман Марина Азимова қазақстандық әріптестермен бірге аутизм дерті анықталған балаларды қоғаммен бірге лайықты өмір сүруге бейімдеу бойынша 20 жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Меценат Болат Өтемұратовтың "Асыл мирас" қорының профильдік орталығында Марина Азимованың көмегімен ABA-терапия арқылы емдеу әдісі енгізілуде.

Оның сөзіне қарағанда, біздің елде аутизммен ауыратын балалар мәселесі өте өзекті болып тұр. Қазақстанда аутизмі бар балаларды оқытудың білім беру стандарттары жоқ. 

Ақыл есі кем болмаса да, бұл балалар орта білім беру мекемелерінде түсіністікке ие бола алмай, қоғамнан тыс қалып жатыр. Ал үйде оқыту ол балалардың толыққанды білім алуларын қамтамасыз ете алмайды және олардың азаматтық құқықтары мен мүмкіндіктерін шектейді.

"Сонымен қатар осы балалармен жұмыс жасайтын лайықты әдістемелер мен мамандар жоқ. Аутизм дерті анықталған балаларға ерте жастан, дер уақытында емдік шаралар қолдану өте маңызды", - деп атап өтті америкалық маман.

"Аутизммен ауыратын балаларды диагностикалаудың бірнеше қалыптасқан әдісі бар. Мысалы, әлемде нақты көрсеткіштерге сүйенетін ADOS (Autism Diagnostic Observation Schedule) деген әдіс кең қолданылады. Псиxологиялық маркерлер, псиxоневрологиялық сынақтардың түрлі кешендері, бірқатар сауалнамалар бар. Осыларды қолданудың нәтижесінде диагнозды дәл анықтауға болады. ADOS диагностикалық әдісі қазір "Асыл Мирас" орталығында енгізілуде", - деді Марина Азимова.

Маманның сөзіне қарағанда, бұл әдіс биылдан бастап іске қосылмақшы. Себебі балаларды диагостикалау неғұрлым ерте басталса, соғұрлым балалардың кейінгі өмірін жақсартуға мүмкіндік жоғары болмақ.

М. Азимова Астанадағы семинар-тренингтерді үш күн бойы өткізді. Астанаға келесі сапарын ол 2016 жылдың наурызында жасайды. Ал әзірге ол АҚШ-қа оралады.

"Мен келген сайын Қазақстанда кемінде 10 күн боламын. Себебі менің пациенттерім Алматыда және Астанада өте көп. Оларға дұрыс ем-дом мен тиімді әдістерді қолдану керек. Мен келесі жылы қуана қайта ораламын. Қазақстанға мен үлкен сенім артамын. Бұл елде аутизм лайықты шешімін табатынына сенімім мол", - деп атап өтті М. Азимова.

Бүгінде Астанада 200-ге жуық бала аутизм ауруына шалдыққан, Қазақстан бойынша 1,5 жуық бала есепте тұр.

Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" қайырымдылық қорының бастамасымен жасалып жатқан "Аутизм". Әлем баршаға ортақ" бағдарламасының негізгі мақсаты аутизмге шалдыққан балаларды ерте анықтау, оңалту, инклюзивті білім беру және әлеуметтік интеграция жолымен - диагноз қойылғаннан бастап қоғамдағы жеке өміріне дейін қалыптастыру болып табылады.

Оңалту курсы 6 айға созылады. Бір жылдың ішінде 180 балаға кешенді көмек көрсетіледі. Орталық аутизмді коррекциялаудың екі әдістемесіне негізделген бірыңғай коррекциялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Біріншісі - баламен бірге оның әлеуметтік-коммуникативтік және танымдық, сөйлеу сферасымен және күнделікті өмірдегі қажетті дағдыларымен жұмыс істеуді көздейтін классикалық әдістеме. Оның үстіне бұдан былай АВА-терапия әдістері кең қолданылады.

Қордың келесі орталықтары Өскемен және Қызылорда қалаларында ашылады деп жоспарлануда.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат