Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады - ғалымдар

2015 жылғы 28 қазан 02:09 567
Бөлісіңіз:
Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, өз жұмысына эмоционалдық құштарлығы басым қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан денсаулығы мықты болады, деп хабарлайды The Express Tribune.

Мамандар егде жастағы қарияларға күтім жасайтын 5000 қызметкерлерді бақылай келе осындай тұжырым жасады. Ғалымдар өз ұйымына жан-тәнімен берілген қызметкердің денсаулығы әлдеқайда мықты екенін байқады. Сондай-ақ мұндай қызметкерлер басқаларға қарағанда сирек ауырады және ұйқысы бұзылмайды. Ғалымдар бұл тұжырымдама қызметкерлердің жұмыстан «күйіп кетуден» қорғап қалуға көмегін тигізеді деген сенімде.

Сондай-ақ, Гарвард университетінің мамандары жақында тәжірибе жүргізіп, мынадай жаңалық ашқан болатын: басшысынан жиі мақтау естіген жұмысшы өз міндетін құштарлана атқарып, қызметінен кетуге құлшыныс танытпайды. Сол себепті мамандар басшыларға қол астындағы қызметкерлерін көбірек мадақтап, кемшіліктерін бетіне баспауға кеңес береді. Бұл үлкен нәтижеге қол жеткізеді, деп жазады 7sunews.kz.

 


Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат