Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады - Сенат

2015 жылғы 27 қазан 18:42 1141
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады - Сенат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше кезеңмен өтуін көздейді.

Құжатпен медициналық көмекке құқықтар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету айқындалады. Сондай-ақ, заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, аударымдар мен жарналарды төлеушілердің, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, осы жүйеде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері реттелмек.

Бұдан бөлек, міндетті төлемдерді шоғырландыру мен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру қарастырылып отыр. Қордың құрылтайшысы мен жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Сонымен қатар заң жобасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жататын азаматтардың 15 санаты, оның ішінде балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері, мүгедектер босатылады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілердің  және азаматтардың денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, жеке медицинаны басымдықпен дамыту және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен көтеруге жағдай жасайды.

Заң жобалары Палатаның қарауына  жіберілді.

 

 


Басты сөздер: Заң, Медицина, Парламент, Сенат,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат