Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 20 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Саратов ансамбльдері Астана төрінде ән шырқады

2014 жылғы 4 маусым 20:22 502
Бөлісіңіз:

АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында РФ Саратов облысының фольклорлық ансамбльдері концерт қойды. Ол елордада 3 маусымнан басталған Саратов облысы мәдениет күндерінің жабылу салтанатына орайластырылды.

«Біз сіздердің жетістіктеріңізбен қуанамыз. Жуырда ғана біздің елдеріміздің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құруға қол қойды. Сондықтан мұндай одақтың құрылуында осындай шаралармен қарым-қатынас жасап бастауымыз қуантады», - деді Саратов облысының губернаторы  Валерий Радаев.

Оның айтуынша, осы екі күн ішінде Астана мен Саратов облысы бизнес өкілдерінің арасында көптеген келісімдерге қол қойылды.

«Біздің бизнес миссиямыз тек іскерлікпен ғана емес, мәдени шаралармен де байланысты. Сондықтан бұл әріптестігіміз ұзаққа созылатынына сенімдімін», - деді ол.

 


Басты сөздер: Астана, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат