Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Қарағанды облысында 500-ден астам оқушы Қазақстан тарихынан өткізілген олимпиадаға қатысты

2011 жылғы 6 қараша 13:06 356
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 500-ден астам оқушы Қазақстан тарихынан өткізілген олимпиадаға қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Академика Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (ҚарМУ) Қазақстан тарихынан «Клио-2011» облыстық олимпиадасы болып өтті.

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыстар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 40 жылдығына арналды. ЖОО хабарлауынша, олимпиадаға облыстың қалалары мен ауылдарының мектептерінің 500-ден астам 11 сынып оқушысы қатысты.

Олимпиада екі турдан тұрды, олар: тестіден өту және сараптамалық сұрақтары бар жазбаша жұмыс.   

«Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері егер мемлекеттік гранттың иегерлері атана алмаса, тарих факультетіне оқуға жеңілдікпен түсу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші орын үшін жеңілдік 50 пайызды, екінші орын үшін 30 пайызды, үшінші орын үшін 10 пайызды құрайды. Нәтижелер қазақ және орыс тілді оқыту бойынша жеке-жеке шығарылады», - делінген хабарламада.

Олимпиадамен қатарласа Қарағанды мемлекеттік университетінде мектептердің тарих мұғалімдері үшін семинарлар өткізілді.


Басты сөздер:
Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат