Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Алматыда ҚазНеттің құқықтық реттелу мәселелері талқыланды

2010 жылғы 18 қазан 16:29 236
Бөлісіңіз:

   АЛМАТЫ. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты семинар өтті.

Шараны «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Соғыс және бейбітшілік туралы ақпарат тарату жөніндегі институтымен (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен біріге отырып өткізді. Семинар барысында «Қазақ газеттерін холдингтендіру: пайдасы мен зияны», «Қазіргі заңнамадағы ерекшеліктер», «ҚазНеттің мединарықтағы орны: негізгі мәселелер», «Медианарықтағы құқықтық сауатсыздықтың салдары» мәселелері талқыланды.

    Бұл тақырыптар бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгүл Кәпқызы, Абай. кз сайтының редакторы Дәурен Қуат, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының атқарушы директоры Асхат Еркімбай, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау орталығының сот сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова қатысып, баяндама жасады. Интернетті реттеуге қатысты қазіргі заңнамалық актілерге шолу жасалып, журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша кеңестер айтылды.  Сонымен қатар өзге елдерде қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде жаңа медианы құрал ретінде пайдалану жолдары түсіндіріледі.    

         «Интернеттен қазақ тілінде мәлімет іздеу күн өткен сайын артып келе жатқандықтан, интернеттің құқықтық аспектісін дұрыс түсіну өзектілігі артуда. Осы орайда интернетке қазақ тілінде жазбалар, видео мен суреттер т.б. қазақтілді мазмұнға толы мәліметтер енгізетін интернет қолданушыларға заң нормасының жете түсіндірілмеуі әрі қарай интернет жобаларын дамытуға кедергі келтіруде. Осындай семинарға үкімет өкілдерімен қатар, интернетте қазақ тілінде жобаларды жасап жүрген еріктілерді шақыру арқылы біз Қазақ Интернетінің сауатты дамуына үлес қоса аламыз», - дейді «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының төрайымы Е.Кәпқызы.


Басты сөздер:
Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат