Жамбыл облысы
yesterday 01:01
27.05.2023 05:52
27.05.2023 00:06
26.05.2023 16:20
25.05.2023 14:47
25.05.2023 13:31
25.05.2023 13:22
25.05.2023 12:55
25.05.2023 12:48
25.05.2023 12:34
25.05.2023 12:21
25.05.2023 07:21
24.05.2023 23:42
24.05.2023 13:40
24.05.2023 12:26
24.05.2023 05:29
23.05.2023 22:58
23.05.2023 22:23
23.05.2023 14:56
Тараз қаласы – Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. Аумағы 188 шаршы шақырым. Қала Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғызстан Республикасымен мемлекеттік шекараға жақын жерде, Талас өзенінің бойында, транзиттік жолдардың қиылысында орналасқан.
Тараз – Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі ірі сауда және әкімшілік орталық. Талас өзені бойындағы қоныс туралы алғашқы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі 36 жылғы жазба деректерден белгілі. 2002 жылы Тараздың 2000 жылдығы кеңінен атап өтілді.
Тараз қаласының атауы бірнеше рет өзгертілді. Өткен ғасырдың өзінде қала атауы сан мәрте ауысты. Әлие-Ата, Мирзоян, Жамбыл, ал 1997 жылы оған бұрынғы атауы Тараз қайтарылды.
Бүгінде Тараз – заманауи өнеркәсіптік қала. Оның аумағында және оған жақын жерде ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштері бар. Таразда халықаралық әуежай, теміржол вокзалы, автовокзалдар, сауда орталықтары, ойын-сауық кешендері, көптеген алаңдар мен саябақтар бар.
Тараз қаласының телефон коды – 726.
Қолайлы климаты, көркем табиғаты, бай минералдық ресурстары, аймақтың жоғары транзиттік әлеуеті, көрікті жерлерінің алуантүрлілігі мен байлығы Тараз қаласын туризмді дамыту мен инвестициялау үшін тартымды орынға айналдырып отыр.