Самал Қабышева

Қабышева Самал Ермұхаметқызы 2009 жылы Орталық Азия Университетін "Баспа ісі" мамандығы бойынша тәмамдады. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап Талдықорғандағы "Жетісу" облыстық телеарнасының "Жаңалықтар" бөлімінде тілші болып еңбек жолын бастады. Аталған арнада 2015 жылға дейін еңбек етті. 2015 жылдың мамыр айынан бері 31 арнаның Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарады. 2016 жылғы қазан айынан бері - "ҚазАқпарат" ХАА Алматы облысындағы тілшісі. "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.2018 жылы Euronews (Лион, Франция) ақпараттық телеарнасында, 2019 жылы Германияның Бонн қаласында орналасқан Deutsche Welle халықаралық қоғамдық телерадиокомпаниясында журналистік тәжірибеден өтті. Көптеген журналистік байқаулардың жеңімпазы.

1 2 3 4 213 214 215