باتامەنەن ەل كوگەرەر: نۇرسۇلتان نازاربايەۆتىڭ كوپشىلىككە بەيمالىم ۆيدەوسى جاريالاندى

None
None
نۇر-سۇلتان. قازاقپارات - پرەزيدەنت تەلەراديوكەشەنى ەلباسى نۇرسۇلتان نازاربايەۆتىڭ كوپشىلىككە بەيمالىم ۆيدەوسىن جاريالادى، دەپ حابارلايدى قازاقپارات كەشەننىڭ Instagram پاراقشاسىنا سىلتەمە جاساپ.

تەلەراديوكەشەن ەلباسىنىڭ 90جىلدارداعى ەل ىشىندەگى ءىس ساپارلارىنان ۇزىندىلەر جاريالاعان. ۆيدەودا تۇڭعىش پرەزيدەنتتىڭ اقساقالداردان باتا العان ساتتەرى كورىنىس تاپقان.

«باتامەنەن ەل كوگەرەر دەمەكشى، باتا بەرۋ - باعا جەتپەس قۇندىلىعىمىز جانە ءداستۇرىمىز. سونداي ىزگى جانە ماعىناسى زور باتالاردىڭ ءبىرى - ەل باسشىسىنا بەرىلەتىن باتا بوپ سانالادى. مىنەكەي، وسىنداي تاريحي وقيعانىڭ كينوحرونيكاسى تەلەراديوكەشەننىڭ جاڭا جوباسى - «ليدەر ەپوحي نەزاۆيسيموستي» اتتى دەرەكتى فيلمىندە ءوز ورنىن تاپقان.

مۇندا جەرگىلىكتى اقساقالداردىڭ رەسپۋبليكانىڭ جاڭا باسشىسىنا باتا بەرگەن ساتتەرى بەينەلەنگەن» دەلىنگەن جازبادا.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Батаменен ел көгерер демекші, бата беру дәстүрі баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. ⠀ 🎬Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі-елбасшыға берілетін бата боп саналады. Мінекей, назарларыңызға осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы «Лидер эпоxи Независимости" атты деректі фильмінде өз орнын тапқан. Жергілікті ақсақалдар республиканың жаңа басшысына батасын берген сәттері бейнеленген. ⠀ @khabartv арнасынан 22:00-де біздің «Лидер эпоxи Независимости" атты жаңа деректі фильмімізді өткізіп алмаңыздар📺 ______ Одна из народных пословиц гласит: жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер (Благодаря дождю земля зеленеет, благословением процветает страна). ⠀ Бата беру является бесценной ценностью и традицией казахского народа. Одним из таких благословений является бата аксакала молодому руководителю государства. А вот фрагмент из фильма Телерадиокомплекса Президента РК «Лидер эпоxи Независимости”, где местные аксакалы благословляют Н.А.Назарбаева. ⠀ 🎬Премьеру фильма можете посмотреть на канале “Хабар” сегодня в 22:00.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) 22 Июн 2019 в 5:19 PDT

سوڭعى جاڭالىقتار