
|
31 Июля 2010, 13:07 Келесі жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржы биылғыдан 3 есе көп болады деп күтілуде - Қызылорда ![]() ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында келесі жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржы биылғыдан 3 есе көп болады деп күтілуде. Алдағы уақытта қаржының басым бөлігі негізгі салаларға бағытталады. Сондай-ақ, еліміздегі аймақтардың бірі экспортқа, енді бірі ішкі рынокқа жұмыс жасайтын болады. Бүгінгі таңда аймақ бойынша еліміздің индустриялық картасына жалпы құны 245 млрд. теңге болатын 54 жоба енгізіліп отыр. Жобалар жүзеге асырылғанда облыста жаңадан 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Комментарии (0)
|
Похожие статьи
|