Погода
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
Курс валют
USD 333.53
EUR 392.10
RUB 5.82
CNY 50.40

Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды

Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды
15 Мая 2017 15:56 1663

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі саясаттанушы, ғалым Досым Сатпаев республикалық «Сенің күнің донор!» акциясының 10-жылдығы аясында өткізілген шарада қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды

«Қазақстанда мұндай қайырымдылық жобалары ұзаққа созылмайды. Сіздер жаңа азаматтық сана қалыптасуына ықпал етіп отырсыздар. Себебі, қайтарымсыз, риясыз жақсылық жасау деген түсінік қазір брендке айналып отыр. Мен бұл акцияға биыл бірінші рет қатысып отырғаным жоқ. Әлемнің 62 елі қан тапсыру жағынан алда келеді екен. Қазақстан осы сапқа енуі керек деп ойлаймын. Донорлық қиын шаруа емес, уақыт тауып Қан орталығына келсеңіз болғаны, бұл жерде жұмыс сапалы, жолға қойылған», - дейді Досым Сатпаев.


Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды  

Аталған акцияны «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Республикалық қан орталығы, қазақстандық Қызыл ай қоғамымен бірлесе отырып ұйымдастырған.

Республикалық қан орталығы директорының орынбасары Саида Арыспаеваның айтуынша, 10 жыл ішінде «Сенің күнің, донор!» акциясының арқасында мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған.


Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды

«Жыл сайын әлемде 500 мың бала қан ауруына ұшырайды, оның 100 мыңы донорлардың жетіспеушілігінен көз жұмады. Сонымен қатар, жылына әлем бойынша 92 миллиона қан тапсырылса, 62 елде ерікті донорлардың арқасында 100% қосымша қан қоры жиналады. Биылғы жылы «Сенің күнің, донор!» акциясы «Өмір сыйла - донор бол!» ұранымен өткізіліп отыр», - деді С.Арыспаева.


Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды

Акция 2017 жылдың 15 мамыры мен 14 маусымы аралығында өтеді. Қан онкологиялық аурумен сырқаттанған жандарға берілмек.


Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды 

Еске сала кетейік, «Сенің күнің донор!» акциясы Қазақстанда алғаш рет 2008 жылдың мамыр айында Бүкіләлемдік донор күніне орай өткізілген. Биыл акция 10 жылдығын атап өтіп отыр. Соңғы жылдары ерікті донорлар қатары еліміз бойынша 65%-ға өскен. Республикалық қан орталығының мәліметі бойынша, донорлар саны 2008 жылы 181 795-тен 2016 жылғы санақпен есептегенде 221 910 адамға артқан.


Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды 
Досым Сәтпаев онкологиялық сырқаттар үшін қан тапсырды 

Ключевые слова: Медицина, Қоғам,
Нашли ошибку? Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
Загрузка...
Loading...

Оставить комментарий

Последние Комментарии

×
ВКонтакте