15 Декабря 2017
602
Бәсекелік қабілет

Описание: Бүркіт құсын таңдау себебім: ол өте алғыр, тұмсықты құстардың қатарына жататын жыртқыш құс. Құстың алдыңғы екі қанатын қазақи ою-өрнектермен әсемдеу арқылы салт-дәстүрді, ұлттық нақышты көрсеткім келді. Құстың көк түсі – еркіндікті және тәуелсіздікті білдіреді. Құстың артқы қанатшаларының түрлі-түсті және әр түрлі деңгейдегі сызықтармен салынуы, бәсекелестікті сол шексіз сызықтар арқылы жеткізгім келді. Бағытталған сызықтар қазақ елінің болашақтағы шексіз биіктікте құстай самғауын білдерді. Артқы қанатшаның түрлі-түсті болуы, рухани жаңғыру бағдарламасынан шабытталғанымның белігісі. Барша қазақстандықтар бірге бәсекелестікке ұмтылу үшін шабыт алса деген ниетпен суреттедім. Суретте көрсетілген жер шарын және жер шарындағы Қазақстанның картасын бейнелеу себебім: қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық¬тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табыс¬қа жетуге мүмкіндік алады. Суреттегі алғыр құстың Қазақстанға ұмтылысы арқылы, басқа елдермен бәсекелес кезінде Қазақ елі ең биікте болса деген ниетпен салынды.

Работа: Әбілдашова А. Ж.