14 Декабря 2017
36
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Описание: Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында баса назар аударатын тұсы бар. Ол «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы». Суретте жер шарындағы Қазақстан картасы және ондағы өндірілген өнімдер келтірілген. Ақ сызықпен белгіленген шексіз графиктің өсуі, революциялық емес, эволюциялық дамуды, яғни қазіргі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, рухани даму статистикасын айқындайды. Қазақстан картасының көгілдір түспен белгіленуі, тәуелсіз, еркін мемлекет екенімізді растайтын бейне. Картаның үстінде инфрақұрылымдардың (ғимараттардың) бейнеленуі, еліміздегі қалалардың құлдырауын емес, дамуын білдіреді. ЖІӨ дегеніміз – жалпы ішкі өнім. Экспо логотипінің картада бейнеленуі , бұл да 2017 жылғы өткізілген шараның Қазақстанның дамуын бір сатыға көтеріп, әлемге танымал етуінде. Тіпті экспоның біздің елімізде өткізілуі мемлекетіміздің эволюциялық дамуын айқындайды. Мұнай өндіру мен ақшаны бейнелеуім – негізгі капиталдың мұнайдың еншігінде екендігін көрсетеді.

Работа: Ахмедина А. К.