Погода
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
Курс валют
USD 334.89
EUR 361.61
RUB 5.28
CNY 48.70

Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы Астана күнін атап өтті

2 Июля 18:16 215

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу аясында шілденің 1-і мен 2-сі күндері Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығында балаларға арналған мерекелік шара өтті.

 Бұл туралы Орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінгі күні Орталықта Қазақстанның барлық аймақтарынан  250 бала емделіп жатыр. АБҰҒО қызметкерлері оларға міндетті емдеу шараларымен бірге, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында елорданың туған күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

«Астана - болашақтың қаласы» атты іс-шараның ұйымдастырушылары балалардың арасында өлеңдер, Қазақстанның бас қаласына арналған шығармалар мен асфальт бетіндегі суреттер аталымдары бойынша байқаулар өткізді.

Шара соңы «Ренессанс» би студиясы мен Орталықта емделіп жатқан балалардың күшімен дайындалған мерекелік концертке ұласты.

Ключевые слова:
Loading...

Оставить комментарий