I. Мемлекет қалпы

Ресей секілді демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия деген әртүрлі мемлекеттердің бірігуін білдіреді. Федеративті республикада әрбір мемлекет жеке болады, бірақ олардың барлығы бірлесе өмір сүреді. Әр ел өзін-өзі басқарады)

Үкімет басында Учредительное собрание мен Мемлекеттік Думаның қалауынша кесімді жылға сайланатын президент тұрады. Президент халықты министрлер арқылы басқарады. Ал министрлер Учредительное собрание мен Мемлекеттік Дума алдында халықты басқаруға жауапты болады.

Депутаттар жалпыхалықтық, теңқұқықты, тікелей және құпия түрде сайланады. Сайлау кезінде қанға, дінге, еркек-әйелге бөлінбей бәрі де атсасылады.

Заңды жалғыз ғана Мемлекеттік Дума шығарады. Ол үкіметтің үстінен қарап, ісін тексереді. Мемлекет салығы Мемлекеттік Думасыз салынбайды.

II. Автономия

Барлық қазақ облыстары бір автономияға біріктірілуі керек. Ал соңғысы өз кезегінде Ресей Федерациясының федерациялық құрамына енеді. Керек кезде Қазақ автономиясы Ресейдің көршілес облыстарымен (аймақтармен) бірлескісі келсе немесе бірлесе алмаса, қазақтың жеке губернияларында земствоға ие құқықпен жалғыз Қазақ автономиясы бір автономия құқығынан сақтайды.

«Алаш» партиясы халықтың мүддесіне шындап берілген, әрқалай істі атқарып кетуге қауқарлы жұмыскерлерді таңдау жолы арқылы ауылдық және болыстық әкімшіліктердің бүтіндігін тірілтуді көздейді. «Алаш» партиясы жұмыскерлер мен жер иелігіне жауапты жұмыскерлерге де дәл осы жолды ұсынады.

Қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұрт үшін қызмет етеді. «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Жалпыға бірдей мәдениеттің деңгейін көтеруді көздейді.

III. Негізгі құқық

Барлық халықтыр дінге, қанға қарамай, еркек немесе әйел деп бөлінбей, адам баласы тең болу тиіс. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіндік беріледі. Үкімет қызметшілері рұқсатсыз ешкімнің табалдырығын аттамайды. Заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамайды, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмайды, қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылады. Кісі хатын ашқан – айып саналады, оқығанға жаза кесіледі.

IV. Дін ісі

Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Барлық дін заң алдында бірдей. Ешбір діни оқу басқа діннің алдында артықшылыққа ие болмайды.

Барлық діни оқуға бостандық беріледі. Дінге кіру, шығу жағы еркін. Муфтилік қазақта өз алдына, татарда өз алдына болады.

Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты рәсімдерді молдадар жүргізеді. Ал жесір дауы сотта қаралады.

V. Сот туралы

Барлық адам заң алдында бірдей жауапты, заң қорғауына бірдей құқыққа ие. Билік және сот қазақ халқының тұрмыс ыңғайына қарай құрылады. Сот ісі халықтың басым бөлігіне ие бөліктің тілінде өтеді. Би және судьялар жергілікті жұрттың тілін білуі керек. Сот зор абыройға ие бола отырып, халық олардың үкімін сөзсіз және тез орындауы тиіс. Үлкен істер алқа билер сотының қатысуымен өтеді. Қырдығы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылады.

VI. Қорғаныс

Тұрақты әскер халық милициясына ауыстырыла алады. Әскери оқу-жаттығу өз орындарында жүргізіледі. Қазақтар атты әскер сапында әскери міндетін атқаруы керек.

VII. Салықтар

Салық әл-ауқаты, табысына қарай байға – байша, кедейге - кедейше әділ жолмен белгіленеді.

VIII. Жұмысшылар

«Алаш» партиясы жұмыс тәртібі негізінде социал-демократтарды (меньшевиктерді) қолдайды.

IХ. Халық ағарту ісі

Барлығына ортақ қазақ тілінде сабақ тәлім беріледі. Қазақ автономиясында қазақ тілінде орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқу жүреді. Ағарту ісі таңдау бойынша автономды болуы тиіс. Кітапханалар мен оқу орындары ашылуы керек.

Х. Жер мәселесі

Ең алдымен жер беру жергілікті халықтың ыңғайына қара үлестіріліп, қазақтар орнығып болғанша, қазақ жеріне келімсектердің көшуіне рұқсат берілмейді.

Қоныстандырылмаған участоктар мен босатылған жерлер жергілікті халыққа беріледі. Жерді пайдалану нормаларын жердің құнарлылығына қарамастан жергілікті жер комитеттері белгілейді. Жер бөлінгеннен кейін қалған жер жергілікті өзін-өзі басқару қорына тапсырылады. Аталған қордан халықтың көбеюіне қарай жер бөлініп отырады.

Түркістанда жер алқаптарымен бірге ортақ бөлініске су қоймалары да түсуі керек.

Жерге қоныстанған кезде жіті талқылап, ауылдар мен шаруашылықтардың жерлері бөлінуі керек. Жер алқаптарын сатуға рұқсат етілмейді.

Тау қорлары мемлекеттің меншігіне енеді, бірақ жергілікті атқарушы орган (земство) одан да жақын иелік етеді. Маңызы ауқымда үлкен орман алқаптары мен су айдындары мемлекеттің меншігінде болуы керек. Ал екінші кезекте оларға жергілікті атқарушы орган иелік етеді.

Жоба авторлары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағамбетов, Ғазымбек Бірімжанов.

«Қазақ» газеті. 21 қараша, 1917 жыл. К. Нұрпейісов. Алаш және Алаш-Орда. Алматы, 1995. 200-222 бет.

Яндекс.Метрика w3