Зырян қаласында төтенше жағдайдың «жоғары дайындық» режімі енгізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласына қарасты Парыгино ауылының тұсында Бобровка өзені арнасынан тасыды.

Жақын маңда орналасқан елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Жергілікті атқарушы орган көпірдің шайылып кетуінің алдын алу үшін шұғыл түрде су ағысын бұру жұмыстарын жүргізді. Қазір өзеннің арнасынан тасуы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласынан ШҚО ТЖД-ның арнайыландырылған жасақ құтқарушыларының тобы (20 адам), Бұқтырмадан Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (5 адам) аттандырылды.

Бұдан бөлек, осы кезде Глубокий ауданының Жаңа Үлбі кентінде ауылдың қалған аумағын судан құтқару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті әкімдіктің күшімен инертті материалдар төгілді.

Еске салайық, бүгін құтқарушылар Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар