Зырян ауданында да тасқын басталды - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының Зубов кентінде тасқын салдарынан адамдар көшіріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте Бұқтырма өзені арнасынан асып, аталмыш кенттің бірнеше көшесіне су жайылғаны айтылған. Қазір Тоқтаров, Береговая, Лазо және Казаченко көшелерінен үйін су басқан адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.

 Елді мекеннің көшелеріне кезекшілер қойылып, құтқару жұмысына көмек ретінде  Серебрянск қаласынан 10 өрт сөндіруші келіп жетті.

«Үйін тастап шыққандар саны әлі анықталған жоқ. Құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мектеп базасында құрылған уақытша баспанаға орналасуда. Су басқан аумақта жергілікті полицияның 2 экипажы мен әкімдік өкілдері жүр. Аудандық әкімдік жүргізген есеп бойынша қазірдің өзінде 27 үйге су кірген. Оның төртеуі бос тұрған үйлер. Су алған үйлерді есепке алу жұмыстары да жалғасуда», делінген ресми мәліметте.

null  

Айта кетейік, аталмыш ауданда тасқынның тағы бір толқыны болатынын бұған дейін ІІМ вице-министрі ескерткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар