Зымыран бөлшектерінің құлауынан зардап шеккен қазақстандықтарға Ресей көмек көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Жезқазған маңында «Союз 2.1а» зымыран тасығышы бөлшектерінің құлауы салдарынан зардап шеккендерге көмекті ресейлік тарап жасайтындығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зымыранның қосалқы бөлшектері арнайы бөлінген аумаққа түскеніне тоқталған министр, «өртті сөндіруге қатысты жұмыстар атқарылды. Аспаннан түскен темір қатты қызады, сондықтан жартылай шөлейтті жазыққа түскеннен кейін аптап ыстық күні өрт болды. Осы бағыттағы шаралардың барлығы ресейлік тарапқа тиесілі. Атап айтқанда, бұл жұмыстар жалға алуға қатысты шығындарда толықтай қарастырылған»,-деді.

Бұл тұрғыда зардап шеккендерді көмекпен РФ жағы қамтитындығын атап өтті. 

«Оларға барша көмекті Роскосмос қарастырады. Нақты соманы айта алмаймын, қазіргі кезде оның деңгейі қарастырылуда. Зардап шеккен адам Роскосмоста қызмет еткенімен, ол Қазақстан азаматы. Аталған кәсіпорында қызмет еткендіктен, оларға барлық қажетті көмекті ресейлік тарап көтереді. Аталған жағдай жазатайым оқиға ретінде қаралып отыр, қызметкер көлікте отырған, желдің нәтижесінде өрт көлікті шарпыған»,-деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Роскосмос» Жезқазған маңында болған адам өлімінің себебін түсіндірген еді. «Зымыранның қосалқы бөлшектерінің құлау аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты (+34 градус, желдің ұйытқуы 15м/сек) жазық далада от тұтанды. Тұрғындарға төнген қауіп жоқ, өрт салдары жойылды. Өрт сөндіру барысында КамАЗ автокөлігін басқарған  «Машина жасау ҒӨБ» жұмысшысы қаза тапты. Қатты жел тұруы салдарынан КамАЗ отқа оранды», - делінген Роскосмос хабарламасында.

Сонымен қатар екінші қызметкердің денесін күйік шалған болатын. Оның ем-домына арналған материалдық шығындарды ресейлік «Машина жасау» кәсіпорыны өз мойнына алды.

Ресей ғарыш айлағында «Машина жасау ҰҚ» АҚ («Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына кірмейді) құлау аудандарын пайдалануға беруді қамтамасыз етумен айналысатындығы анықталды. Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдың 14 маусымында «Союз 2-1а»  зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш стансасы бағдарламасымен «Прогресс МС-06» жүк кемесімен ұшырылуы сәтті аяқталғаннан кейін, оның бөлінген бөлшектері Жезқазғанның батыс аумағында, 50 шақырым қашықтықта орналасқан  алдын ала белгіленген жерге құлаған.

 

Соңғы жаңалықтар