Зымыран бөлшектері құлайтын Қарағанды облысының қалаларында оқу-жаттығу өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қыркүйек күні Қарағанды облысында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштарды жіберу кезінде болуы мүмкін апаттардың салдарын жоюға дайындықты тексеру үшін «Протон-2017» атты оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығуға облыстың апаттық-құтқару қызметтері және басқару органдары тартылатын болады және ол зымыран-тасығыштар ұшатын жол бойында орналасқан аудандарда өтеді. Атап айтқанда, Жезқазған мен Сәтбаев қалалары, Ақтоғай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Шет және Ұлытау аудандарында. Оқу-жаттығуды басқаратын штаб - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті, ал көшпелі штаб Жезқазған қаласында орналасады.

Бұдан бөлек, Қарағанды қаласында «Магнум» сауда үйіне жақын жерде ракеталар ұшырылған кезде болуы мүмкін апаттардың салдарын жоюға жұмылдырылатын құрылымдардың дайындық деңгейі тексерілетін болады. Сондай-ақ осы жерде төтенше жағдай аймағында радиациялық-химиялық барлау жүргізу, зымыран-тасығыштың бөлшектерін іздеу және жинау бойынша тәжірибелік шаралар өтеді. 

Соңғы жаңалықтар