Зорлықтың құрбаны болған Балқаш тұрғыны өмірі үшін қауіптенуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зорлықтың құрбаны болған Нұргүл Құсылбекова өзіне қиянат жасағандар тағы да кесірін тигізуі мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені ол қылмыс жасады деп айыптаған ер адамдар бостандықта жүр, деп хабарлайды nv.kz.

Зардап шегушінің қоғамдық өкілі Дина Смаилова түсіндіріп өткендей, жоғарыда аталған іс заңның төрт бабы бойынша қозғалды. Жарақаттарының көптігі, миының зақымдануы салдарынан оған ота жасалды. Тұтқындауға санкция жоқ, іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалмаған.

Қазіргі кезде зардап шегуші Нұргүл Құсылбекованың адвокаты да жоқ, сондықтан аталған іс бойынша бір өзі айналысуда. Тоғыз айдан кейін ғана тергеу қарқынды жүргізіле бастады.  Ендігі кезде Қарағандылық тергеуші істі қайта басынан бастамақ.
null

 «Балқаш полиция қызметкерлері түк жасамаған», - деді Нұргүл, - Ол маған сен қорықпа, оны түрмеге отырғызамыз деді. Оған сендім, бірақ кездесуді кейінге қалдыра берді. Іс ұзаққа созылып кетті. Ақыр соңында болған жағдайды барша Қазақстанға жариялы етуден басқа амалым қалмады.  Балқашта тергеушіні жақтап, дәлел аз деген сылтаумен істі жауып тастады», - деді Нұргүл. Ол өзіне зиян келтірген ер адамдардың тағы да кесірі тие ме деп қауіптенеді.

«Оларды не үшін тұтқындамай отырғанын түсіне алмай отырмын. Осы келеңсіз оқиғадан кейін мен денсаулығымды, жұмысымды, жан тыныштығымды жоғалттым. Ал қылмыскерлер болса әлі тайраңдап бостандықта жүр. Мен істі  соңына дейін жеткіземін», - дейді зорлық құрбаны.

Еске салса кетейік,  осы жылдың ақпанында Балқаш тұрғыны Нұргүл Құсылбекованы екі ер адам аяусыз зорлап, зиратқа апарып, өзіне көр қазуға мәжбүрлеген еді. 

Соңғы жаңалықтар