Зинедин Зидан келіссөз жасамастан «Реалмен» келісімшартты ұзартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» тәлімгері Зинедин Зидан ешқандай келіссөз жүргізбестен мадридтік клубпен келісімшартты 2020 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Marca.

Аталып өткендей, маман жаңа келісімнің қаржылық тұсын тіпті талқыламаған көрінеді. Зинедин Зидан «Реалмен» келісімшартты басшылардың тиімді деп тапқан шешімі бойынша ұзартқан, деп жазады «Российская газета».

Бұдан бұрын бірқатар БАҚ «Реалмен» жасалған жаңа келісімшартқа сәйкес  Зиданның жалақысы жылына 4,35 млн еуродан 8 млн еуроға дейін жоғарылайтынын хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар