Зимбабведе жаңа президент: Осы аптада ант қабылданады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабвенің бұрынғы бірінші вице-президенті Эммерсон Мнангагва елдің жаңа президенті болады. Ол 23 немесе 24 қарашада ант қабылдайды деп жоспарлануда.

ZANU-PF партиясының өкілі Лавмор Матукенің айтуынша, жаңа президент 21 қарашада отставкаға кеткенін мәлімдеген Роберт Мугабенің уәкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін билік басында болады, деп хабарлайды Reuters. Ол мерзім 2018 жылдың тамызында аяқталады. Содан кейін Зимбабведе президент сайлауы өтеді.

Еске сала кетсек, Зимбабве армиясы 15 қарашада Мугабені отбасымен бірге үйқамаққа алған. Сонымен қатар әскерилер ел астанасы - Хараредегі телеорталықты басып алып, президенттің қауіпсіз жағдайда екенін, олардың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар