22:50, 21 Қараша 2017 | GMT +6
Зимбабве президенті отставкаға кетті - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабве президенті Роберт Мугабе отставкаға кетті, деп хабарлайды ТАСС.
«Мен, Роберт Габриэль Мугабе, Зимбабве президенті лауазымынан отставкаға кететінімді ресми түрде мәлімдеймін. Бұл шешім дереу іске асады», - деп жазады Reuters агенттігі Мугабенің мәлімдемесін келтіре отырып.