Зимбабве президенті орнынан ресми түрде алынбақ- БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Роберт Мугабе Зимбабвенің президенті қызметінен ресми түрде алынбақ, деп жазады Independent.

«Зимбабвенің ұлттық афирикалық одағы - патриоттық фронты» оңшыл партиясы елде арнайы комиссия отырысын өткізіп, онда қазіргі ел президенті Роберта Мугабені қызметінен алып тастау мәселесін қарамақ.

Сондай-ақ партия өкілдері Зимбабвенің бірінші ханымы Грейс Мугабе жақтастарын хатшылықтан алып, оның орнына аз уақыт бұрын отставкаға кеткен вице-президент Эммерсон Мнангагвты алып келмек ниеттерін айтты.

Басылымның айтуына қарағанда, отырыс жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 10-да өтеді. 

Еске сала кетейік, Зимбабвенің әскерилері елді 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан республика президентін қамауға алған болатын .  

 

Соңғы жаңалықтар