Зимбабве президенті Африка елдері БҰҰ-дан шығатынын айтып, сес көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Зимбабве Роберт Мугабе африкалық елдер, егер Қауіпсіздік Кеңесі жедел түрде реформаланбаса, БҰҰ құрамынан шығатынын мәлімдеді.

  Мугабе Қауіпсіздік Кеңесінде африкалық құрлық елдері өкілдігінің кеңеюін күтеді. «Олай болмаған жағдайда, тағы бір ұйым құрылады», - деді ол.   

Мугабе африкалық мемлекеттермен бірге жаңа ұйымға кіретін елдерді атады. Бұл Ресей, Қытай және Үндістан, сондай-ақ  ҚК-де  Батыс саясатымен келіспейтін басқа да елдер.

 «ҚК-нің барлық тұрақты мүшелері қатаң ұстанымда емес. Бұл Ұлыбритания, Франция, Америка. Егер олар талаптарынан қайтпаса, онда біз жеке ұйым құрған кезде шағымданбасын. Біз мұны БҰҰ кезекті Бас ассамблеясында келесі қыркүйекте жүзеге асыруға ниеттіміз», - деген президенттің сөзін келтірді ТАСС.

Мугабе Бас ассамблеядан кейін егер олардың талаптары іске аспаса, африкалық елдердің көшбасшылары БҰҰ-дан шығу мүмкіндігін талқылағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар