Зілтемірші Фархад Харкиге Ақтөбеден үй берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харкидің пәтеріне еурожөндеу жасалды. Зілтемірші енді Ақтөбеде тұрып, жаттығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Рио Олимпиадасына Ақтөбе облысы атынан қатысып, қола жүлдеге ие болған зілтемірші Фархад Харкиге өткен жылы 1 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілген болатын. Ал бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пәтердің кілтін беріп, баспанаға еурожөндеу жүргізілгенін айтып берді.
null 

«Олимпиада жүлдегері Фархад Харкиге өткен жылы пәтер сертификаты берілді. Ортақ шешіммен пәтерге еурожөндеу жүргізіліп, жабдықталды. Жаңа сыйды Тәуелсіздік күні табыс етуді жөн көрдік. Мемлекет ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтарын бағалайды»,- деді Ербол Нұрғалиев.

Зілтемірші Фархад Харки Қазақстан құрама командасында жаттығады. Ақтөбелік кәсіпкер Талғат Баймашевтің қамқорлығындағы спортшы енді Ақтөбеге келіп, өңірде тұрады. Оны Ерболат Ұрқашбаев жаттықтырады.

«Мен қазақстандықтарға алғыс айтамын. Қазақстанды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!» - деді Ф.Харки. Зілтемірші қазір Азия ойындары мен әлем біріншілігіне дайындалып жатыр. Ол алдағы Олимпиадада алтын алып, елді қуанту үшін барын салатынын айтты. «Алдымен Олимпиада алтыны, кейін отбасын құру туралы ойланамын»,- еді зілтемірші.
null 

Ақтөбелік спорт шеберлері, зілтеміршілер Фархад Харкиге үлкен үміт артып отыр. Оның алтын медаль алатын қасиеттерін тізбектеп берді.

«Фархадқа көп үміт артамыз. Оны 5-6 жылдан бері танимын, бақылап жүрмін. Тіпті жаттығуларына қатысып, қарап, күшін білдім. Фархаттың техникасы мықты, белі мен аяғы мығым. Тек оған қазақ жігіттеріне тән жүрек керек. Жұлқа, серпе көтеруі мықты. Алтын әкелетін бала», - зілтемірші, спорт ардагері Қадіржан Ізғалиев. 

Соңғы жаңалықтар